Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Жаңалықтар

    «Сенімділік пен амандық аумағы» тақырыбында өткізілген «Тыныштық — менің күшім» психологиялық апталығының жалғасы аясында, «№8 эстетикалық тәрбие беру мектеп-кешені орта жалпы білім беретін мектебі» КММ-де психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі тарапынан 2026 жылғы 20 және 21 мамыр күндері білім алушылармен эмоциялық өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға және ішкі ресурсты қалыптастыруға бағытталған сабақтар өткізілді. 20 мамыр күні сабақтар «Мен күшті эмоциялармен күресе аламын» тақырыбына арналды. Білім алушылар «Жанартау» арт-терапиялық жаттығуына қатысып, өзіне көмектесу және эмоциялық тыныштану тәсілдерін талқылады, сондай-ақ «Тыныштық пен сабыр театры» жаттығуын орындады. Жұмыс ашу, күйзеліс және алаңдаушылық сезімдерін қауіпсіз түрде білдіруге бағытталды. 21 мамыр күні білім алушылар «Менің тыныштық мекенім» тақырыбымен жұмыс жасады. Сабақ барысында визуализация жаттығулары мен арт-терапиялық әдістер қолданылды.

    19.06.2026
    0
    Толығырақ

    №8 мектеп ұжымы әріптесіміз — Гутевич Виталий Владимировичтің жетістігін зор мақтанышпен атап өтеді. Ол гір спорты бойынша Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Оның жетістігін құрметтеу және еңбегін бағалау мақсатында мектеп директоры Уалиева Айгерім Файзуллақызы өз атынан және №8 орта мектебі ұжымының атынан алғыс хат табыстады. 👏 Мектебіміз халықаралық деңгейде жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізген педагогтің біздің ұжымда еңбек ететінін шынайы мақтан тұтады. 🎉 Виталий Владимировичті жарқын спорттық жетістігімен құттықтаймыз! 💪 Бұл жеңістің артында мықты мінез, табандылық, тәртіп және спортқа деген шынайы сүйіспеншілік тұр. Осындай нәтижелер әрдайым құрмет пен таңданыс тудырады. ✨ Сіздің жетістігіңіз шабыттандырады және мақсатқа табандылықпен ұмтылып, ешқашан берілмесе, бәріне қол жеткізуге болатынын дәлелдейді. 🏋️‍♂️ Гір спортында айтылатындай: «Өзіңді жеңсең — бәрін жеңесің». 🌟 Сізге зор денсаулық, күш-қуат, жаңа жеңістер және бұдан да биік спорттық белестер тілейміз! 👏💪

    19.06.2026
    0
    Толығырақ

    Психологиялық онкүндік аясында «Күн сайын – достыққа, алғысқа және толеранттылыққа қарай» тақырыбында педагог-психологтар А.А. Андыбаева және К.Ж. Құсайынова «Алғыс айту және игі істер күні» атты тренинг сабағын өткізді. 👩‍🎓 Аталған тренингтік сабаққа 3 «Б» сынып оқушылары, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар да қатысты. 📌 Мақсаты: балалардың позитивті ойлауын қалыптастыру, жақсылықты байқай білу дағдыларын дамыту, алғыс айтуға және игі істер жасауға үйрету. Сабақ барысында оқушылар әртүрлі жаттығуларға қатысты: ✨ психологиялық минутка «Алғыстың күші»; 💌 «Рахмет айт» акциясы – онда оқушылар алғыс хаттар жазды; 🌼 «Алғыс айтуға үш себеп» жаттығуы – күннің жақсы сәттерін еске түсіруге мүмкіндік берді; 🤝 «Жақсылық меннен басталады» флешмобы – кішкентай игі істер жасауға бағытталды. ✅ Сабақ қорытындысы бойынша қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілгенін айтуға болады, ал қатысушылар белсенділік пен қызығушылық танытты 🌟👏 Оқушылар бір-біріне алғыс сөздерін айтып, қолдау көрсетіп, тіпті қарапайым «рахмет» сөзінің өзі қуаныш сыйлап, күнді жарқын ете алатынына көз жеткізді.

    06.03.2026
    0
    Толығырақ

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Білім беру ұйымдарының балаларды тасымалдауы жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

    Мектеп директоры НОВИКОВА ОКСАНА НИКОЛАЕВНА

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    Пайдалы сілтемелер