Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Жаңалықтар

    «Адал Ұрпак» клубының ашық сыныптан тыс іс-шарасы


            2017 жылғы 26 қаңтар күні «№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» КММ-да «Адал Ұрпақ» клубының ашық сыныптан тыс іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты – балалардың белсенді өмірлік ұстанымын тәрбиелеу, оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Степаненко Е.Ф., қалалық білім бөлімінің әдіскері Ашкабакова А.Х. қатысты.  Интеллектуалды байқау барысында «Сыбайлас жемқорлық! Тоқта!», «Комета» командалары жарысты. Оныншы сынып оқушылары сыбайлас жемқорлық, оның туындау себептері туралы әңгімелесті. Көрермендердің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тарихы туралы Иван Грозның және 1-ші Петр тарихынан мысал келтіріп баяндады. Көрермендер сыбайлас жемқорлық түрлерімен таныстырылды. Командаларға ребус шешіп, «сыбайлас жемқорлық» ұғымын түсіндіру ұсынылды. Сыбайлас жемқорлық салдарынан туындаған жағдайлар кезінде шешім қабылдауға қатысты тапсырма қиынға түсті. Тапсырма барысында оқушылар «фаворитизм» терминімен танысты. Іс-шара соңында оқушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа жол ЖОҚ!» тақырыбына жарнама дайындау ұсынылды. Бұл тапсырмада оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өз ойларымен бөлісті.

             Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Степаненко Е.Ф. барлық көрермендерді жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жүргізетін жұмысымен таныстырды. Ұйымдастырылған іс-шара үшін алғыс айтып, командаларға грамоталар ұсынды. Іс-шара соңында «Адал ұрпақ» клубының қатысушылары мен қонақтар естелік фотосуретке түсті.




    26.01.2017
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Мектеп директоры Уәлиева Әйгерім Файзуллақызы

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    Пайдалы сілтемелер