Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Жаңалықтар

    Қалалық «Жас психолог мектебі» Тақырыбы: «Отбасылық тәрбиенің бала тұлғасының дамуына әсері»


    2016 жылғы 28 қыркүйек күні «№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» КММ-да «Отбасылық тәрбиенің бала тұлғасының дамуына әсері» тақырыбындағы қалалық «Жас психолог мектебі» өткізілген болатын. Іс-шараға қалалық білім бөлімінің әдіскері Ақмағамбетова Г.Қ., директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Чуклина Е.Г., қала мектептерінің педагог-психологтары қатысты. Аталған іс-шараны ұйымдастырып, өткізген педагог-психологтар – Мусина А.О., Елманова О.А.

    Жас психолог мектебін өткізудің мақсаты -  бала тұлғасының үйлесімді дамуы үшін отбасымен жүргізілетін жұмыс түрлері мен әдістерін жетілдіру арқылы қаламыздың педагог-психологтарының кәсіби құзыреттілігі деңгейін арттыру. Күтілетін нәтиже: өз кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыратын педагогтар санын арттыру, педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігінің және өз жұмысына деген қатынасының жағымды өзгеруі.

    Құттықтау сөзден кейін «Отбасылық құндылықтар үйі» жаттығуы жүргізілді, онда әрбір қатысушы өзінің көзқарасы бойынша отбасындағы  ең басты құндылық деп нені санайды, соны арнайы берілген «кірпішке» жазды. Кейін осы кірпіш үй макетіне бекітілді. Әрбір қатысушы өз таңдауын түсіндіріп, айта кетті. Берілген жаттығу қатысушыларды бірлесіп жасайтын қызметке дайындауға мүмкіндік берді.  

    Жас психолог мектебінің негізгі бөлігінде отбасылық тәрбие стильдері және олардың бала тұлғасының дамуына әсері қарастырылды. Бейнеметариалдарда көрсетілген тәрбие әдістері қатысушылар арасында қызығушылық тудырды.  

     «Отбасындағы психологиялық жағдай» жаттығуын орындау кезінде қатысушылар бірнеше топтарға бөлініп, отбасымен жұмыс түрлері мен әдістерін көрсетті. Қала психологтары берілген тапсырмаларды белсенді орындап, оқушылармен және олардың ата-аналарымен тиімді жұмыс ұйымдастыру жөнінде  өз ұсыныстарын берді.

    Кері байланыс орнату үшін барлық қатысушылар рефлексия жасады.

    Жас мамандар іс жүзінде мектеп психологының бейімделген  жұмысын көре алды. Бұл бағыт психологиялық қызмет жұмысында  күрделі әрі  өзекті бағыттың бірі.

    Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.

    28.09.2016
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Мектеп директоры Уәлиева Әйгерім Файзуллақызы

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    Пайдалы сілтемелер