Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Жаңалықтар

    Республикалық ата-аналар конференциясы «ХХІ ғасырдың қазақстандық ата-аналары» Тақырыбы: «Өз балаңа үлгі бол: бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету»


                    10 қыркүйек күні біздің мектепте «ХХІ ғасырдың қазақстандық ата-аналары» Республикалық ата-аналар конференциясы өтті, тақырыбы: «Өз балаңа үлгі бол: бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету».

    Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұқышев Қ.Т., мектеп директоры және бірінші сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. 8-9 сынып оқушылары «Шашу» хореографиялық нөмірімен конференцияны ашты. Мектеп директоры өз сөзінде 2016-2017 оқу жылындағы бірінші сынып оқушыларын оқыту ерекшеліктерімен таныстырып, ата-аналарды оқу жылының басымен құттықтады.

             Мектептің педагог-психологтары О.А.Елманова мен А.Қ.Сүндетов конференция барысында бірінші сынып оқушылары және олардың ата-аналары жиі қақтығысатын  бейімделу кезеңінің қиыншылықтарын қарастырып, ата-аналар стратегиясының маңызды үш компоненті, үш «Б» заңы: "бейімделу, бедел, белсенділік» туралы айта кетті. 

    Бейімделу –ата-ананың міндеті моральдық және эмоционалдық қолдау көрсету. Белсенділік –педагогпен тығыз байланыс орнату, кеңестерге құлақ асу, мектеп өміріне қатысу.

    Бедел – ата-ананың беделін жаңа деңгейге көтеріп, нығайту және дамыту, мұғалімнің,мектептің беделін қалыптастыру.

             Мектеп психологтары ата-аналарға кеңес пен ұсыныстар берді:

    • балаңызға керек нәрсенің ең маңыздысы бұл сіздің ықыласыңыз; шыдамды болыңыз: оның мектеп туралы айтқан әңгімелерін зейін қойып тыңдаңыз, нақтылайтын сұрақтар қойыңыз.
    • баланың мектеп оқушысы болу талпынысын қолдаңыз, оқуға деген ықыласын дамытыңыз және көтермелеңіз.
    • балаға жаңа өмір тәртібіне дағдылануға көмектесіңіз.
    • баланың мектептегі қиыншылықтарына сабырлықпен қараңыз.
    • балаңызға құрдастарымен қарым-қатынас орнатуға және өзін сенімді сезінуге көмектесіңіз.
    • өз балаңыздың мектептегі жетістіктеріне қатысты парасатты бола біліңіз.
    • балаңызға бірінші сыныптың бірінші жартыжылдығында артық жүк артпауға тырысыңыз.

    Сәтті бейімделу белгілеріне ерекше көңіл бөлінді:

    - бірінші – баланың оқу үдерісімен қанағаттанушылығы. Ол мектепке өзін жақсы сезінеді, қорқыныш пен сенімзідік жоқ.

    - екінші –бала бағдарламаны қаншалықты  оңай орындай алады.

         Мектеп табалдырығын 6 жасынан аттаған балалар, мидың белсенді дамуы кезеңінде қажетті білім алады:  5-6 жас аралығында балалар жаңа ақпаратты жақсы қабылдайды және жаңа дағдыларды тез игереді. 

         12-жылдық білім беру балаларымызға ауырлық туғызбай-ақ, мектеп бағдарламасына барлық қажетті пәндерді қамтуға мүмкіндік береді. Сондықтан да, орта білім беру реформасы аясында мектепте пәндер үш тілде оқытылады (үштілдік).

    1. Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесін енгізу, қазақ тілінің мәртебесін нығайту елімізде тұратын барлық ұлт өкілдерінің рухани ынтымақтастығы, өзара түсіністігі мен сыйластығы  аясын құруға мүмкіндік береді.
    2. Орыс тілін білу – Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылады. Орыс тілі бұл – Қазақстан жерінде тұратын орыс халқының (еліміздің 24 пайызын құрайды), көпшілік еуропа халықтарының туған тілі.
    3. Ағылшын тілі әлемде ең кең тараған тіл. Кәсіби табысқа, өздігінен жетілуге және өзін-өзі танытуға ұмтылған әрбір адамға ағылшын тілін білу, көптеген қызмет аясындағы жаңа мәліметтерді игерудің қажетті шарты болып табылады.

            Конференция барысында ата-аналарға ұсынылған барлық ақпаратпен қатар Отбасылық тәрбие Институт пен қаржылық Орталық дайындаған тақырыптық бейнероликтері ұсынылды.

         Конференция соңында ата-аналарға тілек сөз айтылды: жақсы ата-ана болу дегеніміз - өзінің педагогикалық икем мен дағдыларын жетілдіру.

         Берілген конференцияға қатысты  ата-аналар тарапынан жақсы пікірлер айтылды. Олар конференцияның уақытында ұйымдастырылғанын белгіледі.

         Конференция соңында ата-аналарға концерттік нөмірлер ұсынылды. 

    10.09.2016
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Мектеп директоры Уәлиева Әйгерім Файзуллақызы

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    Пайдалы сілтемелер