Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Жаңалықтар

    1 қыркүйек – Білім күні!


              1 қыркүйек күні сағат 10.00-де және 12.00-де оқушыларға, қонақтарға, ата-аналарға, педагогтарға арналған салтанатты жиын өтті. Бірінші қыркүйек таңы бұл – бірінші сынып оқушылары үшін мектеп жолының басы болса, он бірінші сынып оқушылары үшін соңғы оқу жылының бастамасы. Қазақстан Тәуелсідзігінің 25-жылдығына және Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған салтанатты жиынға қатысқан қонақтар:

    - Мұқанова Бағдат Сәрсенбайқызы, дін істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы

    - Смаилова Сәния Николаевна, қала әкімінің орынбасары

    - Протопопова Татьяна Николаевна, «Петропавл қаласының білім бөлімі» ММ басшысының орынбасары

    - Мұқышев Кеңес Таңатарұлы, Петропавл қаласының «Нұр Отан» қоғамдық бiрлестiгi филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары

    - Корнева Валентина Юлюсьевна, «Коперник» облыстық поляк мәдени орталығы төрағасының орынбасары

    -Орловская Лариса Гавриловна, еңбек ардагері.

             2016-2017 оқу жылы мұғалімдер мен 1-сынып оқушылары үшін ерекше. Еліміздің  барлық 1-сыныптары жаңартылған білім беру мазмұнының оқу жоспарлары мен бағдарламаларын енгізе бастайды.  Дәл осы бірінші сынып оқушылары алғашқы болып, жаңартылған қызықты Білім еліне саяхатын бастайды.

    М.Лахтин жетекшілігіндегі хореографиялық бөлім оқушылары өз билерімен қуантты. Алғашқы қоңырау беру құқығы Ұлы Жеңіс күнінің 70,71-жылдығына арналған  «Еске алу вахтасының» қатысушысы, 11-сынып оқушысы Иван Марушкинге және 1 «Ә» сынып оқушысы Серік Аяжанға берілді. Салтанатты жиыннан кейін барлық оқушылар «Мен- өз елімнің патриотымын» тақырыбындағы сынып сағатына шақырылды. 5 «Ә», 6»Ә» сыныптарында Петропавл қаласының қорғаныс істері жөніндегі Басқармасының ефрейторы Г.Ілиясова Батылдық Сабағын өткізді.

    01.09.2016
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Мектеп директоры Уәлиева Әйгерім Файзуллақызы

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    Пайдалы сілтемелер