Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Жаңалықтар

    ҰСТАЗДАР КҮНІ


    2019 жылғы 4 қазан күні "№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие" орта мектеп-кешені" КММ оқушылары мектеп ұстаздары мен педагогикалық еңбек ардагерлерін мерекелерімен - Ұстаздар күнімен құттықтады!
    Ұстаздар күні - алған білім, білік, тәрбиелері үшін риза болған адамзатқа ортақ мейрам. Мектеп, үлгі тұтатын ұстаздарымыз туралы естеліктер өмір бойы жадымызда сақталып, тек жақсы істерге итермелеп, қиын кезде тірек болады.
    Мерекеге мектепке бірталай жылдарын арнаған педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды. Балалардың көңілді үндерін, мектеп шуын естіп, ауысымға келген ұстаздардың істеген жұмыстарын көріп олардың жүздері бақыттан бал-бұл жайнады.
    Мектеп директоры А.Ф.Уалиева барлық педагог қызметкерлерді осы тамаша мерекемен құттықтады. Еңбектеріңіз бағалансын, үмітттеріңіз бен талпыныстарыңыз ақталсын, Сіздердің арқаларыңызда балалар адал білім алсын, өмірлеріңізде әрдайым мейірімділік пен адалдықтың сиқырлы әлемі кіріксін.
    Құттықтау сөзін Нұр Отан партиясының партиялық бөлігінің төрайымы Ш.Н.Таймулина сөйлеп, мектеп директорына алғыс хат табыстады.
    Мектеп педагогтары да назардан тыс қалмады. Өз ісінің шеберлеріне грамоталар, дипломдар мен алғыс хаттар берілді.
    Бүгінгі күн мерекенің себепкерлеріне оқушылар мен педагогтардың мерекелік концерті дайындалды. Сахнада алғысқа толы сөздер, өлеңдер, әндер мен билер естілді. Концерттің барлық қатысушыларын ұстаздар ду қол шапалақпен қарсы алды.



    04.10.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Мектеп директоры Уәлиева Әйгерім Файзуллақызы

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    Пайдалы сілтемелер