Меню KDT

logo.png?_=1475147881

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» КММ «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ «№8 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН    ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ 

 

  • kz
  • ru
  • Мектеп мәзірі

    Мектеп туралы


    Dashboard_img1.jpg?_=1568313027

    Қоңырау кестесі

    № урока 1 смена 2 смена
    1 урок 8.00 - 8.45 14.15 - 15.00
    2 урок 8.50 - 9.35 15.15- 16.00
    3 урок 9.50 - 10.35 16.15 - 17.00
    4 урок 10.50 - 11.35 17.10 - 17.55
    5 урок 11.40 - 12.25 18.00 - 18.45
    6 урок 12.30 - 13.15  18.50 -19.35
    7 урок 13.20 - 14.05  
    sim1.png?_=1 sim2.png?_=1 sim3.png?_=1
    Яндекс.Погода

    Соңғы жаңалықтар

    Бүгін «Радуга» мектеп жанындағы лагерьдегі күн «Тілдер күні» деп аталды. Тіл – бүкіл адамзаттың өмір сүрген уақытында болған қоғамдық құбылыс. Тарих өз тілі болмайтын бірде-бір адам тобын білмейді. Және бұл түсінікті. Өйткені, адам қоғамда өмір сүреді. Оның басқа адамдармен байланысы үнемі нығайып отырады. Тіл қарым-қатынас құралы қызметін атқарады. Тілдің көмегімен адам өзінің сезімін, тілегін, ойын жеткізеді. Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстан аумағында жүзден астам тіл үздіксіз дамып, әрекет етуде, бірақ қазақ тілі әрқашан мемлекеттік тіл болып қала береді. Қазақстан Республикасының Конституциясында ұлтаралық қатынас тілі – орыс тілі деп көрсетілген. Мемлекетіміздің Президенті бірнеше тілді міндетті түрде білуді жақтайды. Ал қазіргі біздің ұрпақ ағылшын тілін оқып жатыр, өйткені ол халықаралық тіл. Ұлы Абай: «Өзге ұлттың тілін, мәдениетін білу адамды осы ұлтпен тең етеді, өзін еркін сезінеді...» деген. Тіл – достықтың тірегі, тіл – халықтарды жақындастыруға көмектесетін ерекше құрал.

    20.06.2025
    Просмотров: 86
    Толығырақ >>

    2025 жылғы 4 маусым күні «№8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені “ КММ Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында бірқатар маңызды тәрбиелік мәні зор шаралар өткізілді. Мектеп алаңында оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бірыңғай орындап, елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін паш етті. Бұдан кейін «Қазақ рәміздерін білесің бе?» атты зияткерлік викторина ойыны ұйымдастырылып, оқушылар мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін сынады. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, туған жерге деген махаббат пен құрметті арттыру, елдің тарихына, мемлекеттік тіл мен рәміздерге деген мақтаныш сезімін ұялату болды. Оқушылар викторина сұрақтарына белсенді түрде жауап беріп, өз білімдерін, ой-өрісін көрсете білді. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар: "Қазақстан – өз тарихы, мемлекеттік тілі, Конституциямен бекітілген рәміздері бар, болашағы кемел, тәуелсіз мемлекет!" – деген ұранмен қорытынды жасады.

    12.06.2025
    Просмотров: 115
    Толығырақ >>

    Жаз – бала жүрегінің шаттыққа толатын шағы. Ал жазғы мектеп жанындағы лагерь – сол шаттықты еселейтін, әрбір баланың арманына қанат бітіретін сиқырлы әлем іспетті. Бұл – тек демалыс емес, бұл – өнер мен достықтың, шығармашылық пен қуаныштың тоғысқан мекені. # 8 орта мектеп жанынан ашылған «Кемпірқосақ» жазғы сауықтыру алаңы – балалардың жанын шуаққа бөлеген ерекше жоба. Мұнда әр таң – қуанышпен, әр күн – жаңалықпен басталады. 2 маусым күні мектеп қабырғасында жай күн емес – нағыз мереке, шаттыққа толы сиқырлы сәт болды. Алаңның ашылу салтанаты балалардың күміс күлкісіне, ән мен биге, жұмбақ пен ойынға толы өтті. Әрбір бала өз бойындағы шығармашылықты еркін көрсетті, әр топ – өз алдына шағын бір әлемге айналды. Шаһардың әр бұрышына сапар шеккен балалар «Батыр өнімдері» орталығында дәм татып, ботаникалық бақтың жасыл әлемінде тыныстап, тұзды үңгірдің емдік ауасымен дем алды. Өрт сөндіру бөліміндегі батыр мамандармен танысып, виртуалды әлемге де саяхат жасады. Әрбір сәт – әсерлі, әрбір қадам – есте қаларлық! Балалардың жарқыраған жанары, еріндеріндегі самалдай жеңіл күлкі – осы күннің басты жетістігі. «Кемпірқосақ» тек аты ғана емес, шын мәнінде әр баланың көңіліне бояу сыйлаған нағыз бақыт кемпірқосағына айналды.

    12.06.2025
    Просмотров: 118
    Толығырақ >>

    2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша мектебімізде дәстүрге айналған ерекше бір сәт — үздік сыныптарды марапаттау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. ❤️❤️❤️Бұл игі бастама — мектеп директоры Уалиева Әйгерім Файзоллақызының қолдауымен бірнеше жылдан бері үзілмей жалғасып келе жатқан тәрбиелік маңызы зор үрдіс. 👍👍👍Жыл бойы оқу үлгерімі, тәртіп, қоғамдық белсенділік, зияткерлік сайыстарға қатысу және сыныптың ұйымшылдығы сынды бірқатар көрсеткіштер сараланып, арнайы рейтинг нәтижесінде озаттар анықталды. 👏👏👏Биылғы оқу жылының ең үздік сыныптары атанған — 7 "Ә" және 10 "Ә" сыныптары! 🙇‍♂️🙇‍♂️🏀🏀Бұл сыныптар барлық бағытта жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, өздерінің ынтымағы мен белсенділігі арқылы өзгелерге үлгі бола білді. 🏋🏻‍♀️🏋🏻‍♀️🤼🤼‍♂️Ұстаздар мен ата-аналардың ортақ қолдауы, оқушылардың талаптылығы мен тәртібі осындай биік нәтижеге жеткізді. 🏆🏆🏆Жеңімпаз сыныптарға арнайы статуеткалар табысталды. 🎤🎤🎤Бұл сыйлық — тек құрметтің белгісі ғана емес, оқушылардың алдағы оқу жылына деген шабытын арттыратын ерекше символ. Бұл марапат – тек бір оқу жылының қорытындысы ғана емес, келесі жылға деген жігер мен жаңа белестерге бастар жол!

    25.05.2025
    Просмотров: 160
    Толығырақ >>

    Послание
    Президента

    Қазақстан Республикасының Президенті: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Білім беру ұйымдарының балаларды тасымалдауы жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

    Мектеп директоры Уәлиева Әйгерім Файзуллақызы

    Электронндық мемлекеттіқ қызметтер

    Пайдалы сілтемелер

    Мекенжай

    Мектептің мекенжайы
    Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 160.


    Телефон
    8-715-2-41-22-63

    Контакт

    con1.png?_=1728447976
    Директор
    41 17 91
    con2.png?_=1728447950
    Қабылдау бөлмесі
    41 22 63
    con3.png?_=1728447997
    Вахта
    37 35 58
    con4.png?_=1728448377
    Білім бөлімі
    46-32-88